Home Әлеумет САУРАН АУДАНЫНДА 1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ ОРАЙ КИНО КӨРСЕТІЛІМ...

САУРАН АУДАНЫНДА 1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ ОРАЙ КИНО КӨРСЕТІЛІМ ӨТТІ

Ағымдағы жылғы 24 қараша күні аудандық ішкі саясат бөлімі және адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен және “Оңтүстікфильм” мекемесінің қолдауымен Сауран ауданы, Бабайқорған а/о, «Бабайқорған» жалпы орта мектебінде 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай кино көрсетілім өтті.
Кинокөрсетілімге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Жанадилов, Бабайқорған ауылдық округінің әкімі А.Абдраимов, «Бабайқорған» жалпы орта мектебінің директоры А.Бекжанов, Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Оңтүстікфильм» КММ-нің маманы Г.Шереханова, мектеп мұғалімдері және оқушылары қатысып, Елбасы туралы фильмді тамашалады.
Кинокөрсетілім барысында «Елбасы жолы – Астана», «Балалық шағымның аспаны» фильмдері қойылды.
Көрсетілген фильмдерде еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының дамуы мен Елбасының балалық шағы баяндалған.