Home Әлеумет Кезекті “Адалдық сағаты” – «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұтпен өтті

Кезекті “Адалдық сағаты” – «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұтпен өтті

Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен жүйелі түрде «Адалдық сағаты» науқаны өткізілуде.

«Адалдық сағатының» негізгі мақсаты – өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Жастар назарына ұсынылған кезекті дәріс жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұттың «Өмірлік ұстанымдары – Адалдық.Әділдік» тақырыбымен аталып, жас ұрпақтың әділ, әрі парасатты тұлға болып қалыптасуларына бағытталды.

Бейнедәрісті Түркістан облысы бойынша 5 – 11 сынып оқушылары бойынша жалпы 70 мыңға жуық жасөспірім тамашалады.

Кезекті «Адалдық сағатын» әзірлеген Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті білім беру саласы – ел ертеңін қалыптастыруда айрықша маңызға ие екендігін және жемқорлық көріністері жиі ұшырасатын саланың бірі екендігін назарға ала отырып, бүгінгі күні облысқа қарасты 903 мектеп пен 68 кәсіптік-техникалық білім беру ошақтарында және 2 жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ», «Парасаттылық мектептері» сынды жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді.

Айта кетсек, тұңғыш рет 2019 жылдың 2 қыркүйек күнінен бастау алған «Адалдық сағаты» бүгінгі күнге дейін ұлы кемеңгерлердің даналық ойларына негізделе отырып, дәстүрлі түрде республика көлемінде өткізіліп келеді.