Home Әлеумет ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ЕҢБЕК АРДАГЕРІМЕН ОЙ БӨЛІСТІ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ЕҢБЕК АРДАГЕРІМЕН ОЙ БӨЛІСТІ

Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Тілепова Айгул Утегенқызы қалалық, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арысбеков Серғазы Ақтөреұлымен канвассинг жүргізді. Ол кездесу барысында Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының Түркістан қаласында орындалу барысы туралы ой қозғады.
«Жетінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары өз міндеттерін орындап жатыр. Жуырда өңірде сайлауалды бағдарламаны орындау бойынша жол картасы бекітілді. «Nur Otan» партиясының Түркістан қалалық филиалы мен фракциясы ол құжатты бізге ұсынды. Сайлауалды бағдарламадағы әрбір жоспар мен уәделердің орындалуын қадағалап, бірлесіп атқаруға күш салудамыз. Осындай канвассингтер мен тікелей эфирлер арқылы сіздермен жиі жүздесіп, сұрақтарыңызға жауап береміз. Мақсат – елге адал қызмет ету», – деді Айгул Утегенқызы.
Арысбеков Серғазы Ақтөреұлы көптеген марапаттардың иесі, қалаға танымал азамат. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл медалімен 2011 жылы, Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл медалімен 2015 жылы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігі «Еңбек ардагері» медалі 2015 жылы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалімен 2016 жылы және ҚР Президентінің Құрмет грамотасы 2017 жылы марапатталған.
Бұл азаматтың жұмыс барысында өзін ұстауы, адамгершілігі, қызметкерлермен бірлесе жұмыс істеуі өте жоғары дәрежеде деп бағалай отырып, оның қаланың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде атсалысатынын да айтпай кетуге болмас еді.
Серғазы Ақтөреұлы канвассинг барысында осы бағдарлама бойынша ой-пікірін білдіріп, Айгүл Утегенқызының алдағы еңбек жолына сәттілік тіледі.