Home Әлеумет ЕСЕПТЕГІ ЖАСТАР ЖАСЫЛ АЛАҢДА КЕЗДЕСТІ

ЕСЕПТЕГІ ЖАСТАР ЖАСЫЛ АЛАҢДА КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде орналасқан Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Абылайхан» атындағы жалпы орта мектебінің спорттық базасында аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Аудандық пробация бөлімінің ұйымдастыруымен пробациялық есепте тұратын жастар арасында кіші футболдан турнир болып өтті. Басты мақсат – түрлі себептермен тағдыр тәлкегіне түсіп, аңдамай шалыс басқан азаматтарды қоғамға бейімдеу, салауатты өмір салтын насихаттап, өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдаланып, қайырымдылық іс-шараларға жұмылдыру болып табылады.Бекітілген ережеге сәйкес бірнеше топқа бөлініп футбол ойнаған спортшы жастар әдемі ойын өрнегін көрсетіп, өзара мықтыны анықтады. Жүлделі ІІІ орынды «Атакент-1» командасы иеленсе, ІІ орынды «Жастар» командасы табан тіреді. Ал, жүлделі І орынды «Мырзакент» командасы иеленді. Ойын соңында үздік шыққан командалар мен жекелеген ойыншылар ұйымдастырушылардың кубогімен, дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.