Home Әлеумет ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қазақта «Ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең» деген қасиетті сөз бар.
Әрбір азаматтың қартайған кезінде өмірін лайықты ету – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі десек, қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі.
Елімізде жыл сайын 1 қазан – Қарттар күніне орай, қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне, әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіліп келеді.
Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі.
Осы орайда, бүгін қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Налибаев, «Асыл жүрек әлеуметтік орталығы» КММ-нің басшысы Е.Сқақов, «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Исламбековтер ардагерлеріміз Т.Ысқабайдың, С.Ибрагимовтың және Е.Капитанчуктың үйінде болып, мерекемен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Арадагерлеріміз елімізге бейбіт өмір мен әр отбасыға қуанышты сәттер тілеп, алғыстары мен ақ батасын берді.
Мұндай игілікті істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.