Білім сапасын арттыру басты назарда
Ордабасы ауданында «Химия пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда күрделілігі жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары» тақырыбындағы оқыту семинары өтті. Аудандық адами әләуетті дамыту бөлімінің бұйрығына сәйкес, АПӘК химия пәні әдіскері Т. Бәкірдің ұйымдастыруымен С. Нұрмағанбетов атындағы жалпы орта мектебінде химия пәні мұғалімдеріне және жас мамандарға арналған «Химия пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда күрделілігі жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары» тақырыбындағы оқыту семинарының» тақырыбында аудандық оқыту семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты: Пән мұғалімдеріне химия пәнінен күрделігі жоғары және пәндік олимпиадада кедесетін септердің шығарудың тиімді жолдарын үйрету.
Семинарға 26 мұғалім қатысты.
Семинардың басында Т. Бәкір ағымдағы жылдағы оқушылар арасында өткізілген аймақтық, аудандық пән олимпиадасы және аудандық Қ.Сәтбаев олимпиадасының қорытындысына талдау жасап, оқушылардың білім деңгейін қатысқан мектеп оқушылары бойынша айтып өтті.
Семинарды әрі қарай Қ. Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Ахмет Сапаркүл жалғастырды. Мұғалім химиялық есептерді математикалық теңдеулердің көмегімен шешу жолдарын, олимпиада да көп кездесетін қоспаларға арналған есептердің шығару жолдарын көрсетті. Мұғалімдер өздеріне қиындық туғызып отырған тақырыптар бойынша есептердің шығарылу жолдарын сұрады. Өздері де отырып, есептер құрастырып, шығарды. Сондай ақ Ұлттық бірыңғай тесте кездесетін есептердің тез, жылдам шығару жолдарын көрсетті. Оқыту семинарының пән мұғалімдеріне берері мол болды, әрістестеріне рахмет айтып, ризашылықпен тарады.