Home Спорт АРЫСТЫҢ ЖАС СПОРТШЫЛАРЫ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

АРЫСТЫҢ ЖАС СПОРТШЫЛАРЫ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай, желтоқсан айының 20-22 жұлдызы күндері Алматы қаласында 2005-2012 жылдары туылған жасөспірімдер арасында «JUMABEK» бокс-клубында республикалық ашық турнир өтті.


Турнирге Алматы, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облысынан жалпы 120 спортшы қатысты. Аталған турнирге Арыс қаласының бокс мектебінің шәкірттері қатысып, жеңіспен оралды.


Бокс мектебінің оқушылары Абылай Нұрсәт 38 келі салмақта 1-орынды иеленсе, Ордабек Серік 30 келі, Есмаганбет Ернияз 34 келі және Серікбай Ақылжан 34 келі салмақта 2-орынды иеленіп, Игібай Бақытжан 26 келі салмақта 3-орыннан көрінді.
Алдағы уақытта да Арыстық спортшыларымызға сәттілік серік болып, жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектестігімізді білдіреміз.