Home Мәдениет ТҮРКІСТАН: МУЗЕЙДЕ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: МУЗЕЙДЕ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мұрындық болуымен Атакент кентіндегі Мақта шаруашылығы тарихи мұражайында «Ашық есік күні» өтті. Аталмыш шараға Атакент кентіндегі колледждер мен жалпы орта мектептің оқушылары қатыстырылды.Келушілерге музей қызметкерлері тарихтың тереңінен сыр шертетін жәдігерлерді, жылдар қойнауында алтын әріптермен жазылған жетістіктер мен жеңістерді, жантағы мен тасбақасы домалаған шөл даланы игеруде тамған тер мен қолданылған құрал-жабдықтарды кеңінен таныстырды. Бүгінгі гүлденген өмірдің оңай келмегендігін айтып, қолымен канал қазған тұлғалардың өмірлері мен еңбектерін дәріптеді.Алғашқы телефон, алғашқы күрек, алғашқы соқа, алғашқы өнім, алғашқы мақта…Тынымсыз, адал бейнеттің куәсіндей жылдарымен музей сөрелерінен орын алған.Сонымен қатар, келушілерге музей табалдырығына табаны тиген ұлылардың қалдырған жазбалары мен пікір-тілектер кітапшасы да таныстырылды.Таңертеңнен кешке дейін келушілерге қызмет көрсетіп, сұрақтарына жауап берген мамандар жастардың оқуларына сәттілік пен табыс тіледі.