Home Қоғам ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА САЯБАҚТАР ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНУДЕ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА САЯБАҚТАР ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНУДЕ

Карантин талаптары жеңілдетілгеннен кейін аудан тұрғындары қайта жаңарған саябақтар мен жаңадан бой көтерген арбатта еркін серуендеуі үшін қажетті жағдайлар жасалуда.Бұлай дейтініміз биыл аудан әкімі Нұрлан Байғұттың бастамасымен Жанкент мөлтек ауданындағы «Тұңғыш Президент» және орталық саябақ аумағы қайта жаңғырып, ішінен жаңадан демалыс орындары бой көтермек. Күні кеше аудан басшысы құрылыс жұмыстары бастау алған қос саябақты аралап, жауапты бөлім басшылары мен орталық әкіміне атқарылылып жатқан әр бір жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқталуын бақылауды тапсырды. Бұл жерде саябақтар аумағындағы тозығы жеткен аяқ жолдар, орындықтар мен түнгі жарықтандыру шамдары жаңартылып, жастарымыз, ата аналар мен бүлдіршіндердің бос уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізуге арналған соңғы үлгідегі, сапалы балалар ойын алаңшалары мен «street workout» құрылғылары орнатылмақ.Ал, орталық саябақтағы ескі балалар ойын алаңшасы мен «street workout» жөндеуден өтіп, саябақтың батыс бөлігіне көшіріліп, жастарымызға пайдалануға берілді.Аудан орталығындағы биылға жоспарланған саябақтарды жаңарту мен арбаттың құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, ағымдағы жылдың мамыр айында толығымен пайдалануға берілетін болады.Осылайша аудан орталығы жасарып, саябақтар жаңа кейіпке енуде.