Home Қоғам ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 70 МЫҢНАН АСТАМ «НҰРОТАНДЫҚ» ДАУЫС БЕРДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 70 МЫҢНАН АСТАМ «НҰРОТАНДЫҚ» ДАУЫС БЕРДІ


Бүгін Түркістан облысында праймериздің дауыс беру кезеңінің үшінші күні өтті. Облыста 209 дауыс беру орны ашылып, сағат 14.00-ге дейін жұмыс істеді. 3 қазан, сағат 18.00-дегі мәлімет бойынша Түркістан облысында 61552 партия мүшесі онлайн дауыс берді. Ал арнайы дайындалған 39 орында 9984 адам қағаз бюллетенмен өз таңдауын жасап, жалпы дауыс бергендер саны 70 мыңнан асты.
Жоспар бойынша қағаз бюллетенмен 10019 азамат дауыс беруі тиіс болған. Яғни, өңірде дәстүрлі әдіс бойынша үміткерлерді таңдағандар саны 99,7 пайызды құрады. Бұл – Түркістан облысында «нұротандықтардың» өте белсенді екенінің дәлелі.
Барлық орындарда карантин талаптары қатаң сақталып, сайлаушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығына баса мән берілді. Қағаз бюллетенмен дауыс берушілер саны Мақтаарал ауданында 1419 болса, олар 100 пайыз дауыс берді. Сонымен бірге Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас және Шардара аудандарында да барлық азамат өз таңдауын жасады.
Жалпы Түркістан облысында 78262 партия мүшесі бар. Ал праймеризде 1076 үміткер бақ сынауда. Онлайн дауыс беру 4 қазанға дейін жалғасады. Үміткерлерге рейтингтегі өз жағдайын жақсартуға мүмкіндік бар.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі