Home Қоғам ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК ДӘРІЛІК ҚОЙМАҒА КЕЗЕКТІ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК ДӘРІЛІК ҚОЙМАҒА КЕЗЕКТІ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ


Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің аға офицері Ақтөре Талғатұлы бастаған жұмысшы топ «СК – Фармация» ЖШС-нің Түркістан қаласындағы өңірлік  қоймасына арнайы барып, пандемияның екінші толқынына дайындық барысына бақылау жұмыстарын жүргізді. 
Зерделеу жұмыстарына «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Д.Хұсаин, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі А.Кангерейқызы,  облыстық Медициналық және фармацевтикалық бақылау  департаментінің өкілі Б.Байғазиев қатысты.     
Зерделеу барысында қажетті дәрілік заттар «Парацетамол», «Ибупрофен», «Дабигатрана этексилат», «Апиксабан» дәрілер қорда жеткілікті деңгейде екендігі және бүгінгі күні өңірлік қоймада құны 228,37 млн.теңгені құрайтын дәрі-дәрмектердің 423-тен астам түрлері сақталғандығы белгілі болды.    
Айта кетсек,  алдағы уақытта  да Департамент тарапынан дәрі-дәрмектердің баға тұрақтылығы мен дәрілік заттардың мемлекеттік емдеу орындарына толық тасымалдануына  тұрақты негізде  мониторинг жұмыстары жүргізіліп отыратын болады.