Home Қоғам ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БӘСЕКЕСІНДЕ ПАРАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ ТИІС

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БӘСЕКЕСІНДЕ ПАРАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ ТИІС

Бүгінгі күні қоғам дертінің алдын алу – мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі болып отыр. Соның ішінде, халықпен тең отырып тілдесу – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыруға сеп болып, ашықтық, қолжетімділік қағидаттарының көрініс табуына жол ашуға мүмкіндік беруде.

Осыған орай, бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының жетекшісі Ордабасы ауданына арнайы сапары барысында аудандық білім бөлімінде болып, ұжым қызметкерлерімен және мектеп директорларымен ашық диалогтық алаң форматында кездесу өткізді.

Пайдакүнемдікке емес, парасаттылыққа үндеген шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мен оған ықпал ететін себептерге жол бермеу және билік пен бұқара арасында берік сенім атмосферасын қалыптастыру.

Әділдік қағидаты терең қазбаланған жиында Ерұлан Тұңғышбаев ұжымды академиялық адалдыққа дәріптеп, еліміздің өркениет жолына қадам басуына кедергі келтіретін қоғам кеселінен алшақ болуға шақырды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда белсенділік танытуға үндеп, білім бәсекесінде адалдықпен ағзалас болудың маңыздылығын түсіндірді.