Home Қоғам ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін “Nur Otan” партиясының Арыс қалалық мәслихатындағы депутаттық фракция жетекшісі А.Бердімбеттің төрағалығымен фракцияның отырысы өтті.
Қала әкімі, қалалық партия филиалының төрағасы М.Қадырбектің қатысуымен өткен жиынның күн тәртібінде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы талқыланды. Ол бойынша қала әкімінің орынбасары Е.Ақтаевтың хабарламасы тыңдалды.
Аталған жол картасы фракция қаулысымен қалалық партия филиалы жанындағы Саяси кеңес бюросының бекітуіне ұсынылды.

Сайлауалды бағдарламадағы дамудың жеті басымдығы:

  1. Экономикалық тұрақты қала;
  2. Ыңғайлы қала;
  3. Әлеуметтік қызметке бағдарланған қала;
  4. Жастарға арналған қала;
  5. Мәдениеті мен тарихы бай қала;
  6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;
  7. Қауіпсіз қала.

Тұрғындарды мазалайтын осы мәселелер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы қаланы дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған.
Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.