Home Қоғам

МАНКЕНТТЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

Түркістан облысы Манкент ауылдық округіндегі Жонарық бастауыш мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, ауылдың бірқатар көшелеріне асфальт төселіп, 9 гектар жаңа құрылыс аумағына сапалы электр желісі тартылуда.

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Манкент ауылын аралап, Абдукадыров, Р.Ташев, 1 мамыр, Х.Гуламов, Әл-Фараби көшелеріндегі асфальт төсеу құрылысының барысымен танысты.

Аудан басшысы Манкенттегі Абдукадиров, Бірлік, Сайрам көшелеріндегі ауыз су мәселесіне де назар аударды.

Бұл мәселені “Сайрам тазалық” ЖШС-і Бірлік көшесінің бойынан жаңа су ұңғысын қазып, 50 м³ су мұнарасын орнату арқылы шешпек. Ал, Сайрам көшесінің ауыз су құбырын ауыстыру құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Ұласбек Сәдібекұлы мектеп құрылысы мен ауыз сумен қамту жұмыстарына көңілі толмайтынын жеткізіп, жауапты қызметкерлерге уақыт созбауды және таяу күндері оң нәтиже көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, Сайрам ауданы Манкент ауылдық округіне “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында 431 млн теңге қарастырылған болатын.