Home Басты жаңалықтар Түркістан – қауіпсіз өңір

Түркістан – қауіпсіз өңір

Апталық аппарат отырысында мәлім болғандай, бүгінгі таңда Түркістан облысындағы қоғамдық-саяси, криминогендік жағдай тұрақты. Қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алуда бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып атқарылуда.

2021 жылдың 7 айында жасалған жұмыс нәтижесінде қылмыстық құқықбұзушылықтар саны 3,6%-ға (3743-тен 3609-ға дейін), қылмыстар 1,4%-ға төмендеген. Оның ішінде қарақшылық қылмыстары 57%-ға, тонау 25%-ға, бұзақылық 23%-ға, бөтеннің мүлкін ұрлау 26,6%-ға және пәтер ұрлығы 17,4%-ға азайған. Жол қауіпсіздігін қаматамасыз ету бағытында жол-көлік оқиғаларының саны 29%-ға және қаза болғандар саны 2,5%-ға, жарақат алғандар саны 36%-ға төмендеді.Жыл басынан Түркістан облысы ПД жедел қызметкерлерімен облыс аумағында мал ұрлығын «кәсіп еткен» 14 қылмыстық топ құрықталып, олардың құрамында болған жалпы 36 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, олардың 58 дерек мал ұрлығы қылмыстарына қатыстылығы анықталды.

Жыл басынан бері құжатсыз мал тасымалдау дәйектері бойынша 737 жәйт анықталып, 21 млн. тенгеден астам айыппұл салынған. Өңірде жыл басынан бері жалпы 420 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық деректері анықталған. Олар бойынша 5 млрд.теңгеге жуық айыппұл салынған.