Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЕГІН АЛҚАБЫ 65 МЫҢНАН АСТАМ ГЕКТАР АУМАҚҚА ҰЛҒАЯДЫ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЕГІН АЛҚАБЫ 65 МЫҢНАН АСТАМ ГЕКТАР АУМАҚҚА ҰЛҒАЯДЫ

Түркістан облысы Төлеби ауданында биыл 65 мыңнан астам гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдері егіледі. Атап айтқанда, диқандар 21,5 мың гектарға – дәнді дақылдар, 11,6 мың гектарға – майлы дақылдар, 24,9 мың гектарға – ескі жоңышқа, 4,6 мың гектарға – жаңа жоңышқа егуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, 1825 гектарға – көкөніс, 1352 гектарға – картоп және 80 гектарға -сүрлем жүгері егілмек. Ауданда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу жобасы жанданып келеді. Биыл осы бағыттағы жобалар санын 170 бірлікке жеткізу көзделген. Сондай-ақ, ауданда 1 гектар аймаққа жылыжай салынып, 80 гектар қарқынды бау егілетін болады. Сонымен қатар, 250 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі енгізу және суармалы жердің көлемін 200 гектарға ұлғайту межеленіп отыр.