Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН СПАРТАКИАДА БАСТАУ АЛДЫ

ТҮРКІСТАН: СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН СПАРТАКИАДА БАСТАУ АЛДЫ

Келес ауданы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты дәріптеу, спорт арқылы достық қарым-қатынасты нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында “Жастар ресурстық орталығы” мамандары арасында “Спорт достық мекені ” атты тақырыбында командалық спартакиада ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шарада спорттың 4 түрінен бақ сынасқан жастар өз ептіліктері мен қоса жылдам әрі мықты екендіктерін көрсетті. 100метрге жүгіру, арқан тарту сынды спорттар адамның күштілігін және жылдамдығын арттыру бағыттылған болса, кір тасын көтеру сияқты ұлттық спортымыз нағыз күштің мықтылығын арттырары анық. Аталмыш іс-шарада өнер көрсетіп жүлделі орын алған мамандарға “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы атынан арнайы мадақтамалар және сыйлықтар табысталды. Салауатты өмір салтын насихаттау әрбір жастың, әрбір азаматтың борышы. Өмірлік негіздерді қалыптастыру үшін спорттың берері көп.