Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев Тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен дарынды балалар мен жастарды кешенді қолдауға арналған «Ел үміті» жобасы аясында «Елбасы» жүлдесіне ие болған оқушыларды қабылдады.Жоба аясында жоғары нәтижеге қол жеткізген 12 оқушы жүлделі қола иегері атанды. Аудан басшысы жеңімпаз оқушыларға және осындай дарынды балаларды тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан ұстаздарға ізгі тілегін айтып, алғыс білдірді.Жиын соңында аудан басшысы жүлделі орын иеленген оқушыларды арнайы төс белгімен марапаттап, гүл шоқтарын табыс етті.«Ел үміті» жобасының негізгі мақсаты – жас таланттарды, білікті мамандар мен кәсіпкерлерді насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақтың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған республикалық марафон.Бұл жобаға 14 пен 18 жас аралығындағы жастар 5 бағыт бойынша қатысады. Оларға: кітап оқу, спорт және денешынықтыру, дарын мен дағды, волонтерлік, ұлттық мұра бағыттары жатады.