Home Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ АҚТӨБЕДЕ ӨТКЕН ҰЛТТЫҚ СПОРТ САЙЫСЫНАН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ТҮРКІСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ АҚТӨБЕДЕ ӨТКЕН ҰЛТТЫҚ СПОРТ САЙЫСЫНАН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Ақтөбе қаласында қазақтың ұлттық спорт түрлерінен өткен фестиваль өз мәресіне жетті. 4 жылда бір өтетін спорт додасында жалпыкомандалық есепте жеңіске жеткен Түркістан облысының спортшылары бірінші орынды қанжығаға байлады.

Екінші орынды Нұр – Сұлтан қаласының командасы қоржынына салса, жүлделі үштік алаң иелеріне бұйырды. Айтулы додаға еліміздің барлық аймағынан жиналған 800-ге жуық спортшы қатысты. Олар спорттың 12 түрінен бақ сынасты. Атап айтқанда, аламан бәйге, құнан бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, асық ату, қазақ күресі, құсбегілік, тоғызқұмалақ, жекпе-жек сынды ұлттық спорт түрлерінен тартысты. Бәсекеде тұран даласының намысын 70-ке жуық спортшы қорғады. Ал, қорытынды есеп бойынша Түркістан облысының спортшылары бес спорт түрі бойынша үздік деп танылып, жеңіс тұғырынан көрінді. Спорттық сайыс 10 күн бойы жалғасқан болатын.