Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТУҒАН ЖЕРІНЕ САЯХАТ ЖАСАДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТУҒАН ЖЕРІНЕ САЯХАТ ЖАСАДЫ


Биыл ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толып отыр. Осыған орай, елімізде мәдени-рухани іс-шаралар қолға алынды. Ал жуырда Түркістан облысы, Отырар ауданында да танымдық мәні зор іс-шара ұйымдастырылды. Руханиятқа, тарихқа қызығатын жастар екінші ұстаздың туған жері – Оқсыз қалашығына саяхат жасады.
Отырарлық өрендер «Asyl mura» бағыты аясында ұлы ғалым Әбу Нәсыр әл-Фарабидің туған қаласы – Оқсызды аралап, тарихымен танысты. Ұлы кемеңгердің кіндік қаны тамған Оқсыз қалашығы Отырар ауданында орналасқан.
Маяқұм ауылы, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің өлкетану мұражайының жетекшісі Мүсілім Мұхамеджан жастарға көне қала туралы мағлұмат беріп, кеңінен таныстырды.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі