Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ИГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

ТҮРКІСТАН: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ИГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан облысы Білім басқармасының басшысы Рахымбек Қуатбекұлы «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында жүлделі қола медаль иегерлерін қабылдады. Жоба мақсаты – дарынды ұл-қыздарды қолдау, жастардың жауапкершілік пен табандылық сезімін ояту оларды мақсат қоя білуге баулу, дамыту сатылары.Жастарды кешенді дамытуға бағытталғані жобада өңіріміздің білімпаз жастары өте жоғары деңгейден көрінді. Нәтижесінде 81 оқушы қола медальдің иегері атанды. Ал, бүгінгі марапаттау рәсіміне жүлдеге ие Ал, Түркістан қаласының 4 оқушысы басқарма басшысынан марапат алу мәртебесіне ие болды. ОЛАР: Мырзахан Пошанов атындағы № 21 жалпы орта мектебінің оқушысы Елтай Жанерке Маратқызы; А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебінің оқушысы Ергешбай Рамазан Жақсылықұлы; Н.Оңдасынов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Жарылқасын Шұғыла; Кентау қаласының мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Абен Әселім Аманбекқызы. Ал, қалған 77 жеңімпаз оқушы алдағы уақытта «Елбасы медальімен» өздері тұратын өмірде марапатталады. Айта кетейік, 2020 жылы «Елбасы медальі» бағдарламасы 11 мыңнан астам қатысушыны, 600 тәлімгерді, 17 аймақтық үйлестірушілер мен сарапшыларды қамтыған болатын. Медальдің алғашқы тұсаукесері 2020 жылы 14 желтоқсан күні тікелей онлайн-трансляциямен Елбасының құттықтауымен өтті.