Home Әлеумет САЙРАМДЫҚТАР КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

САЙРАМДЫҚТАР КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Бүгінде бүкіл əлем covid-19 індетінің алдында дəрменсіз күй кешуде. Емі табылмаған вирус сан мың ғалымды сарсаңға салып, жер бетіндегі миллиондаған адамзат баласының денсаулығына қауіп төндіруде.

Бүгінгі таңдағы соңғы мəліметтер бойынша, елімізде 56 899 отандасымыз #covid_19 індетімен тіркеліп, оның 34 мыңнан астамы емделіп шықты. Алайда, вирус 375 отандасымыздың өмірін жалмады. Оның 28-і ел саулығы жолында қызмет етіп жүріп, қайғылы қазаға ұшыраған медицина саласының қызметкерлері…

Әлемде Италия, Қытай, АҚШ-тан кейін төртінші болып, Қазақстан Республикасы 2020 жылдың 13 шілдесін #ҰлттықАзаТұту күні деп жариялады.

Бүгін Мемлекеттік Ту төмен түсірілді. Ел Президенті күндізгі сағат 12:00-де өмірден өткен отандастарымызды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жариялады.

Осыған байланысты Сайрам ауданының халқы, аудан әкімінің активі, медицина саласының қызметкерлері барша сайрамдықтардың атынан коронавирус індетінен қаза тапқандардың отбасына, жақын жанашырларына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.