Home Әлеумет «КҮШ АТАСЫ – ҚАЖЫМҰҚАН» 150 ЖЫЛ

«КҮШ АТАСЫ – ҚАЖЫМҰҚАН» 150 ЖЫЛ

Түркістан облысы, Шардара қаласы, Шардара аудандық Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасын іске асыру және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған Ұлы тұлғаларды насихаттау шеңберінде келешек ұрпақтың бойында патриоттық сана – сезімдерді қалыптастыру мақсатында қазақтың тұңғыш палуаны, күш атасы – Қажымұқан Мұңайтпасұлының туылғанына 150 жылдық мерейтойына орай мектеп – лицей кітапханасында «Күш атасы – Қажымұқан» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, мектеп – лицейіміздің мақтанышы, Қазақтың көк байрағын желбіретіп, Әнұранымызды асқақтатып жүрген оқушымыз Шағырбай Бегарыс Дзю-до және күш спорт түрлерінен Аудандық, Облыстық, Республикалық байқаулардың жеңімпазы, Қазақстан чемпионатын жеңіп, Азия чемпионатына жолдама алған жас балуанмен кездесу өтті. Кездесу барысында мектеп – лицей директоры Жанат Әуелтайұлы сөз алып, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі. Сондай-ақ, жас спортшымызды жеңіспен оралуына сәттілік тіледі . Оған қоса, бұл жеңіс оның ата-анасының, жаттықтырушыларының еңбектерінің жемісі екенін айтып, алда жеңісті, жемісті күндер көп болсын -деп сенім артты. Сонымен қатар, оқушыларға күш атасы Қажымұқан атамыз – қазақтың тұңғыш балуаны, кәсіби күрескер, әлем чемпионы, теңдессіз өнерімен жер шарын аралап 54 мемлекетте күресіп, 48 алтын, күміс, қола медальдарын олжалағанын алдағы уақытты қазақ жерінде Қажымұқандар көбейсін деп сөзін аяқтады.